00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Назарбаев ескерткішінің құлау процесі бар болғаны өнер - Ербосын Мелдібеков

16.02.2024 | 04:05
75
фото: жеке мұрағаттан

Оның осы күндері Алматыдағы Офицерлер үйінде өтіп жатқан көрмесіндегі басты экспонаттарының бірі Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған. Бес ескерткіштен тұратын инсталляция келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды, өйткені онда ескерткіштің «құлау» процессі көрсетілген. Суретші Ербосын Мелдібеков бұл туындыны «Падание автора» деп атаған. Қоғамда қызу пікірталас тудырған шығарма туралы автор «бұл бар болғаны өнер» деген пікір айтты.   

longlist-300.jpg

Бұл көрме «Буран - Байконур, между Шелковым путем и Млечным» деп аталады. Мен өз командаммен оған жарты жыл дайындалдым. Ал «Падание автора» ескерткішіне келетін болсақ, оны бір жарым жыл бойы ойластырып, жарты жылда жасап шығардым. Идеясына келетін болсақ, өздеріңіз білесіздер Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорған қаласында Тұңғыш Президентке арналған бірінші ескерткіш құлаған еді. Мен сол ескерткіштің құлау процесін көрсеткім келді. Тұғырынан ажыратылған ескерткіш 3 секундта құлайды екен. Оны арнайы мамандар шақыртып, тексерткен кезде білдім. Ескерткіш 4 жарым метр болса да, бар-жоғы 3 секундта құлаған. Дегенмен мен өзім жасаған инсталляцияда құлау уақытын ұзартып, баяу режимдегі құлауды көрсеттім. Бес ескерткіште әрбір қозғалысты мүсіндедім. Менің ойымша, әрбір суретшіде адамдарға айтқысы келетін немесе көрсеткісі келетін идея болу керек. Менің бұл туындымды жұрт хайп немесе біреудің тапсырысы деп ойлап жүр. Бұл тек өнер,- дейді Ербосын Мелдібеков.

longlist-245.jpg

Суретшінің сөзінше, туынды көрмеге шығарылғанда оған қоқан-лоқы көрсеткісі келгендер де болған. 

Адамдар бұл ескерткішті өнер деп түсінсе деймін. Әрине, көрме ашылған кезде қоғамда біршама шу болып кетті. Жасыратыны жоқ, Назарбаевтың «жақтастары» маған мұндай ескерткішті көрмеге қоймау керек деп кішкене қоқаң-лоқы көрсетті. Ал көпшілік арасында бұл туындыны құптайтындар басым екені байқалды. Тағы бір байқағаным алматылықтардың көбі демократиялық ойлайды екен. Сол себепті бұл көрме арқылы менің өнерімді шын  түсінетін адамдарды жолықтырдым деп айта аламын. Көпшіліктің көңілінен шығып жатыр,- дейді ол. 

longlist-369.jpg

Ербосын Мелдібеков 2011 жылы Жаңаөзен оқиғасы туралы «Тәуелсіздік күні» атты бейне-арт түсірген. Ол үшін интернетке жүктелген бейнежазбалар пайдаланғанын айтады. Одан бөлек өнер иесінің «Тавро» атты ірі қара малдың терісінен жасаған туындысы бар.

C00EAB8B-2CEC-452E-ABD7-1AFF6E0B38EF_mw1600_q75_s.avif

фото: rus.azattyq.org

Сондай-ақ оның «Рождение седла» атты мүсіні көпшіліктің көңілінен шыққан. Онда ер-тоқымды ерекше қоламен құйған.

9EC623FB-908B-4865-B87F-195104BEB086_mw1600_q75_s.avifфото: rus.azattyq.org

Мен барлық суретшілер сияқты 8 сыныптан кейін Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училещесіне оқуға түстім. Одан кейін Жүргенов атындағы академияны аяқтадым. Германияда дәріс алдым. Ізденістердің арқасында өнерді классикалық емес, заманауи жаңа стилімді таптым. Осы уақытқа дейін көп көрме өткіздім. Шетелде де бірнеше рет өтті. Менің жұмыстарымның көбі шетелде сұранысқа ие. Атап айтқанда, Гонконг, Милан қалалары мен Сингапур және Бельгия елдеріндегі музейге қойылған. Айта кететін жайт,  мен еліміздегі суретшілер одағына мүше емеспін, тек басқаша ойлайтын және сол көзқарасымды өнерде көрсетіп жүрген суретшімін. Жақында менің 4 туындым Грузияда жаңадан ашылып жатқан үлкен заманауи музейде қойылады,- дейді Е.Мелдібеков.

Ерекше өнері арқылы шетелде танымал болған суретші тек қызықты әрі идеясы ерекше жобаларға келісетінін айтты. 

Алдағы жоспарымды тон пішіп айта алмаймын. Осыдан 10 жыл бұрын шетелден шақырту келсе, барлығын тастап сол жаққа кететінмін. Қазіргі уақытта маған тек қызықты әрі ерекше жобалар ғана ұнайды. Заманауи өнерде бірінші кезекте идея жақсы болу керек, мен соған қатты назар аударамын. Өзіңіз байқағандай, туындыларымның көбі ирония жанрында жасалған. Бүгінде суретшілер бұрынғы стиль мен классикалық дүниелерді қатар қолданып жүр. Бірақ бұл жеткіліксіз. Заманауи өнерде бастысы салмақты месседж болу керек,-дейді Ербосын Мелдібеков.

Адамзаттың ақыл-ойы мен сана-сезіміне бейнелеу өнері айтарлықтай әсер етеді. Сол себепті қылқалам шеберлері бұл өнерді шекарасы жоқ өнер деп есептейді. Олар бүгінде қоғамды ойландырып отырған мәселелерді өнер арқылы көрсетсек деп мақсат қояды.  Бүгінгі кейіпкеріміз де дәстүрлі сурет өнерінен біршама өзгеше дүниелер жасау арқылы, жаңа өнер мәдениетін қалыптастырып келе жатқан топтың өкілі.  

Барлық жаңалықтар