00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Өзгерістер бұрын да енгізілген»: Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс беруге қатысатынын айтты

25.02.2023 | 07:36
Елорда ақпарат
41

Сұхбат барысында Әшімбаев түзетулер арасында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесіне қатысты өзгерістер де бар екенін атап өтті. 

Назарбаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша өткізілетін бүкілхалықтық референдумға баратынын айтты. 

Иә, 5 маусымда Конституция берген құқығымды міндетті түрде қолданып, референдумда дауыс беруге қатысамын. Мен еліміздің Негізгі Заңы - қатып қалған құқықтық реликт емес, қазақстандық қоғамның өмірін, ондағы болып жатқан өзгерістерді көрсететін тірі тетік екенін үнемі айтып келемін. Өзгерістер бұрын да енгізілген. 

Бұл уақыт талабы болса және қоғамның ілгерілеуіне, демократиялық дамуына ықпал етсе, әр ұрпақтың негізгі заңға өзгерістер енгізуге құқығы бар деп санаймын. Мені, бәріңіз сияқты болып жатқан жағдайдың бәрі мемлекет пен біздің халқымыздың мүддесі үшін болғаны алаңдатады, - деді Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «артында халқы мен елі үшін» не қалдыратыны әрқашан бәрінен де маңызды екенін атап өтті.

2019 жылы саналы қадам жасап, көпшіліктің қарсылығына қарамастан Мемлекет басшысы қызметінен кеттім. Халықтық қолдауымен кеттім. Мұны 2015 жылғы соңғы президенттік сайлау дәлелдейді, ол кезде мен 97,7 пайыз дауыс алдым. Иә, менде белгілі бір өкілеттіктер қалды. Бірақ бұл тегіс саяси транзит үшін және қоғам мен билік элитасында болуы мүмкін қайшылықтарды жеңілдету үшін жасалды.

Конституцияға сәйкес президент ретіндегі өкілеттілігімді Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсырдым. Кейінгі жалпыхалықтық сайлауда ол жеңіске жетті. Осы жылдар ішінде мен оның еліміздің реформалануы мен одан әрі дамуы жөніндегі іс-әрекеттерін жан-жақты қолдадым. Бұл жолы да қолдау көрсететініме күмәнданбасаңыздар болады, - деді Назарбаев.

Саясаттанушы Назарбаевтан заңсыз байыды деген күдікке ілінген туыстары туралы не ойлайтынын сұраған.

Біз ұзақ жыл бойы Қазақстанда құқықтық мемлекет құрып келеміз. Оның негізгі қағидаты: заң – бәріне ортақ. Егер туыстарымның бірі заңды бұзу үшін менің атымды жамылса, онда олар тиісті жазаға тартылуы керек. Оның кінәсі сотта дәлелденуге тиіс. Әр азамат заңды түрде қорғануға құқылы екенін ұмытпаған жөн, - деді Назарбаев сұхбатында.

Сондай-ақ президенттік жылдарында халқымыз үшін үлкен жұмыстар атқарылғанын, кейбіреулер мұны ұмытып кететінін жеткізді. 

Халықтың дана екеніне және бәрін есте сақтайтынына сенімдімін. Қазақстан саяси да, экономикалық та халықаралық процестердің толыққанды қатысушысына айналды. Тәуелсіздік жылдары елімізге 360 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) деректері бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1993 жылғы 5,15 млрд.доллардан 2020 жылы 164,79 млрд. долларға дейін 32 есе өсті. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 1993 жылғы 304,85 доллардан 2020 жылы 8,7 мың долларға дейін 28 есе өсті, – деді экс-президент. 

Бұнымен қоса Қазақстан экономикасының көлемі Орта Азияның барлық елдерінің экономикасынан 2 есе артық екенін еске салды.

Саясаттанушы Назарбаевтан заңсыз байыды деген күдікке ілінген туыстары туралы не ойлайтынын сұраған.

Біз ұзақ жыл бойы Қазақстанда құқықтық мемлекет құрып келеміз. Оның негізгі қағидаты: заң – бәріне ортақ. Егер туыстарымның бірі заңды бұзу үшін менің атымды жамылса, онда олар тиісті жазаға тартылуы керек. Оның кінәсі сотта дәлелденуге тиіс. Әр азамат заңды түрде қорғануға құқылы екенін ұмытпаған жөн, - деді Назарбаев сұхбатында.

Сондай-ақ ол күйеу баласы Рахат Әлиевке қатысты оқиғаны еске алды.

Ол менің қызымның күйеуі болды. Ұлым сияқты еді, жиендерімнің әкесі болды. Бірақ соған қарамастан мемлекет оның заңға қайшы әрекеттеріне көз жұмып қараған жоқ. Қазақстан соты оны соттады. Бірақ ол қашып үлгерді, өмір бойы жасырынуға мәжбүр болды. Адам қызығарлық тағдыр емес, - дейді Назарбаев.

Ол өзі Президент болған жылдары қазақ халқы үшін үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті.

Кейбірі мұны ұмытып барады. Халық дана және мұның бәрі оның есінде екеніне сенімдімін, - деді Елбасы.

Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы толағай табыстарына тоқталды. Ол Қазақстанның экономикасы Орталық Азиядағы бүкіл елдің экономикасынан екі есеге көп екенін, Қазақстан өңірдегі экономикалық лидер екенін атап өтті.

Біз өз тәуелсіздігімізді нығайттық. Барлық көршімен шекарамызды шегеледік, қазіргі таңда біздің аумаққа қатысты даулы мәселе жоқ. Тәуелсіз болу үшін мемлекеттің әлем мойындаған шекарасы, қабілетті армиясы, ұлттық валютасы болуға тиіс. Мұның бәрі бұрын болған жоқ. Бұған біз мен Президент болған жылдары, елді басқарған кезде қол жеткізді, - деді Назарбаев.

Барлық жаңалықтар