00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Тель-Авивтегі Елшілік біздің азаматтарымызбен тұрақты байланыста - СІМ

08.10.2023 | 12:00
71
фото: gov.kz

Израильдегі жағдайға қатысты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне терең алаңдаушылық білдіреді.

Тараптарды ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге және тек екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал іс-әрекеттерге бармауға шақырамыз.

«Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі біздің азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Елшіліктің жедел байланыс арнасы ашылып, Қазақстан азаматтарына елге оралу үшін одан әрі көмек көрсету мақсатында олардың тізімі жасалуда»,-делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар