00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Айгүл Иманбаева жақсы жаңалығымен бөлісті

10.05.2024 | 10:56
100
Айгүл Иманбаева
фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өзінің Instagram парақшасында  көпшілікке дипломын көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.

Әнші бір жыл бойы Англияда білім алғанын айтып, жақын арада елге оралатынын жазды.

Мен Лондонға оқуға кеткеніме көзді ашып-жұмғанша бір жыл уақыт өтіпті. Елге қайтатын уақыт та келді. Иә, Англия елін сағынатын боламын. Себебі өремнің өрісін кеңейтіп, білімімді шыңдап, жақын дос, орта тауып, үлкен баға жетпес байлықпен келе жатырмын. Қазақ өнеріне де өз үлесімді қосып, өрелі, өнерлі, білімді шәкірт тәрбиелеп, өнерге осында алған біліміммен ары қарай жаңалық енгізсем деп келе жатырмын. Айтпағым сіздерден сүйіншілетіп, алған дипломымды көрестіп, қуанышымды бөлісейін дегенім еді. Білім іздеген жандарға еш уақытта кеш емес. Әлемнің есігі қай жаста да, кімге де болса ашық, - деп жазды  Айгүл Иманбаева.

Барлық жаңалықтар