00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Сарыарқа ауданында 220-дан астам жарнамалық маңдайшалар алынып тасталды

04.05.2024 | 08:48
91
Сарыарқа ауданында 220-дан астам жарнамалық маңдайшалар алынып тасталды
фото: Сарыарқа ауданы әкімдігі/ instagram

Астана қаласы Сарыарқа ауданында заңсыз жарнамалық құрылымдарды алып тастау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Аудандық әкімдіктің мәліметінше, жыл басынан бері бекітілген дизайн-стандарттарға сәйкес келмейтін және қаланың бірыңғай келбетіне кері әсер ететін 220-дан астам жарнамалық билбордтар, маңдайшалар алынып тасталды.

Бұған қоса шағын және орта бизнес өкілдеріне жарнаманы орналастыру ережелеріне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұсынымдар берілді.

Бұл шаралар аудан аумағында жарнама саласындағы барлық қажетті нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар