00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

Елордада география пәнінен Ұлттық олимпиада жүлдегерлері марапатталды

17.05.2024 | 15:12
137
Елордада география пәнінен Ұлттық олимпиада жүлдегерлері марапатталды
Фото: Elorda.info

Бүгін Астанада 7-8-сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиада жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Олимпиада оқушылардың зерттеу қабілеттері мен дағдыларын дамыту, пәнді тереңдетіп оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Сондай-ақ әлемде маңызы артып келе жатқан география пәнінің мәртебесі мен беделін арттыруға бағытталған.

Іс-шараны ұйымдастырушы, National Geographic Qazaqstan журналының өкілі Қанат Абашев 7-8-сынып оқушылары арасында география пәнінен бірінші Ұлттық олимпиаданың республикалық кезеңінің финалына еліміздің түкпір-түкпірінен балалар жиналғанын айтты.

Астанаға өз өңірлеріндегі турнирде жеңіске жеткен барлық балалар келді. Республикалық олимпиадада балалар екі кезеңде бақ сынасты. Бірінші кезеңде олар теориялық және мультимедиалық тапсырмаларды орындады, ал түстен кейін далалық жаттығуларда жарысты. Бүгін барлық жеңімпаздарды марапаттадық. Оларға демеушіміз – Chevron компаниясы ұсынған бағалы сыйлықтарды табыстадық. Біз олимпиадаға арналған тапсырмалар мен тесттерді құрастыру кезінде халықаралық мазмұнды пайдалану үшін журналдарымызды ұсындық. Бұл оқушыларымызды халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға дайындауға көмектеседі, - деді Қанат Абашев.

Балқаш қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы №17 мектеп-лицейінің оқушысы Данияр Кәрім республикалық олимпиадаға қатысу үшін алғаш рет Астанаға келді.

Қалалық байқауларға қатысып, бірінші орын алдым. Ал облыстық олимпиадаларда бірінші және үшінші орын алдым. Республикалық жарыста ең қиыны екінші кезең болды. Біз сыртқа шығып, орташа температураны, ағаштар арасындағы орташа қашықтықты және А, В және С нүктелерінен азимуттарды есептедік. Оны есептеу үшін компастарды, транспортирлер мен ноутбуктерді қолдандық. Осы практикалық білім бізге мектеп бағдарламасын оқып-үйренуде пайдалы болады. Мамандық таңдау кезінде алған біліміміз көмектеседі деп ойлаймын. Өйткені мен Алматыдағы Азаматтық авиация академиясына түсуді жоспарлап отырмын, - деді Д.Кәрім.

Іс-шара «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және «Астана дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының әдістемелік қолдауының арқасында өтті.

Барлық жаңалықтар