00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық мәслихат депутаттары әлеуметтік орталық аумағына ағаш отырғызды

Елордалық мәслихат депутаттары әлеуметтік орталық аумағына ағаш отырғызды

Астанада «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы аумағына ағаш отырғызылды, деп хабарлады Elorda.info.

Игі шараға қалалық мәслихат депутаттары, Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты, қалалық басқарма өкілдері мен еріктілер қатысты.

Орталық аумағына қылқан жапырақты, қайың, қарағай сияқты 50-ден астам ағаш отырғызылды.

Мәслихат депутаты Ерлан Дәкенов көгалдандыру жұмысына қатысып, экоакцияға белсенді атсалысу әрібір азаматтың парызы екенін атап өтті.

Бүгін мәслихат депутаттары «Шарапат» әлеуметтік орталығына келіп, өзіміздің үлесімізді қосып жатырмыз. Бұл бірінші рет емес, яғни сәуір айы басталғалы қаламыздың бірнеше аймағында тал ектік. Баршаға мәлім, өткен жолғы сенбілікте Мемлекет басшысы қаламызды көгалдандыруға қатысты тапсырмалар берді. Жасыл желек қаламыздың көркеюі үшін керек деп ойлаймын. Қазақта "Бір тал кессең, мың тал ек" деген сөз бар ғой. Сондықтан да осындай көгалдандандыру жұмысына белсенді атсалысу керек,- деді Ерлан Дәкенов.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Ардақ Сейітованың сөзінше, бұған дейін орталық аумағына 500 түп ағаш отырғызылған.

Орталық аумағында өздеріңіз көріп тұрғандай «Ардагерлер» аллеясы бар. Жалпы бізде сенбіліктер жиі өтіп тұрады. Орталықтың қызмет алушылардың басым көпшілігі қарттар болғандықтан қаладағы барлық мекеме қызметкерлері көмектесіп тұрады. Аллеяда 500 түп әртүрлі ағаш бар. Бүгін олардың қатары тағы да толықты, - дейді орталық директоры.

Сонымен қатар әлеуметтік орталықта Жеңіс күні қарсаңында ауданның мәдениет мекемелерінің ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті.

Айта кетейік, «Жасыл аймақ» апталығында өткен күндері Сарыарқа ауданында 900-ден астам жасыл желек отырғызылды.

Барлық жаңалықтар