00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада тағы 7 көшеде Bus Lane жолағы іске қосылады

04.05.2024 | 13:12
110
Елордада тағы 7 көшеде Bus Lane жолағы іске қосылады
Фото: gov.kz

Астананың 7 көшесінде жалпы ұзындығы 58,6 км Bus Lane қоғамдық көлігі үшін бөлінген жолақтарды енгізу жоспарлануда, деп хабарлады Elorda.info.

Алдағы уақытта арнайы жолақтар Мәңгілік ел даңғылы, Тұран даңғылы, Тәуелсіздік даңғылы, Керей-Жәнібек хандар көшесі, Ұлы Дала даңғылы, Р.Қошқарбаев даңғылы, Ш.Айтматов көшелерінде пайда болады.

Бөлінген жолақтар мамыр айының соңынан бастап енгізіледі, - делінген CTS хабарламасында.

Бұл қоғамдық көліктің жүру уақытын 6 минутқа қысқартады. Мәселен, 18 минуттан 12 минутқа дейін. Сондай-ақ, автобустардың қозғалыс жылдамдығын 16 км/сағ-тан 19 км/сағ-қа дейін арттыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, Bus Lane жобасы алғаш рет Астанада 2015 жылы 26 шілдеде екі учаскеде пилоттық режимде енгізілген болатын.

Қазір қалада автобустар үшін жолақтардың жалпы ұзындығы 100,5 км құрайды және 27 жол бөлігінде енгізілген.

Барлық жаңалықтар