00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада бизнес үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді

03.05.2024 | 10:53
146
Елордада бизнес үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді
фото: gov.kz

 «Астанаэнергосбыт» ЖШС Табиғи монополияларды реттеу комитеті Астана қаласы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті 1 кВт/сағатына 38,35 теңгеден 31,45 теңгеге дейін төмендетілетінін мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл баға алдыңғы қолданып келген тарифке қарағанда 18%-ға арзан. 

Төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданылады.

Тарифті төмендетуге реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге берілген лицензиялардың қолданылуының тоқтауы әсер етті. 

Еске сала кетейік, бұл жұмыс Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілді.

Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (қаланың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («Астанаэнергосбыт» ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті, - делінген хабарламада. 

Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған Астана қаласының заңды тұлғаларының «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.

Барлық сұрақтар бойынша «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на жүгінуге болады:

Заңды тұлғалар үшін:

Б. Момышұлы даңғылы, 4/1 үй, телефон 91-83-33, 91-85-27, 91-87-50, 91-87-39;

Бөгенбай батыр даңғылы, 24/1, телефон 91-86-75, 91-87-36.

 Сондай-ақ, «Астана-АЭК» АҚ:

Иманов көшесі, 11, телефон: 576 579.

Сауран көшесі, 7б, телефон: 472 191.

Домалақ ана көшесі, 9, телефон: 620 457 қос. 2699.

Барлық жаңалықтар