00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Астанада екі ауданның ТЖБ басшылары тағайындалды

19.04.2023 | 15:04
74
Фото: дереккөз

Байқоңыр және Нұра аудандарының ТЖБ бастықтары тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.

Байқоңыр ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Назымбек Балтабеков, Нұра ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Елдос Батталов болды.

Назымбек Балтабеков 2003 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, 2010 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын "Өрт қауіпсіздігі – өрт қауіпсіздігі инженері" мамандығы бойынша бітірген. Азаматтық қорғау органдарында 19 жылдан астам жұмыс істейді. Еңбек жолын № 8 өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт қадағалау инспекторынан бастаған. Астанада әр жылдары әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді: аға инженер, бас маман, мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы, ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы, апаттар қаупін азайту басқармасы бастығының орынбасары, аудандық ТЖБ бастығының орынбасары. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Атырау облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Елдос Батталов 2007 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, 2010 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын, 2015 жылы Семей қаласының Қазақстан мемлекеттік заң университетін бітірген. 20 жыл бойы азаматтық қорғау органдарында жұмыс істейді. Еңбек жолын елордалық ТЖД инженерінен бастаған. Әр жылдары анықтаушы, аға анықтаушы, бас маман, мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы, Сарыарқа ТЖБ бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Тағайындалғанға дейін Байқоңыр ауданы ТЖБ бастығы қызметін атқарды.

Барлық жаңалықтар