00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елнұр Бейсенбаев Мәжілістегі Amanat фракциясының жетекшісі болып сайланды

01.04.2023 | 00:58
Елорда ақпарат
29

Мәжілістегі Amanat партиясы фракциясының жетекшісі болып Елнұр Бейсенбаев сайланды. Жиын барысында оның кандидатурасын партия төрағасы Ерлан Қошанов ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдады, деп хабарлады Elorda.info.

Елнұр Бейсенбаев әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының төрағасы лауазымдарын атқарды. Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болды.

Биылғы 4 қаңтардан бастап Amanat партиясының Атқарушы хатшысы қызметін атқарып келеді.

Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, Amanat сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді. Парламенттің төменгі палатасындағы Amanat партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды.

Барлық жаңалықтар