00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

31.03.2023 | 23:49
Елорда ақпарат
49

Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Ақпаратты ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлады Elorda.info Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Иә, біз ҚР СІМ-нен Жұмаханов Бекетжан Махатжанұлының орнына Дәурен Әскербекұлы Абаев келетіні туралы тиісті нота алдық. Ол ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарады. Ол 7 наурызда келеді. Оның тәжірибесі ТМД-ның Атқару комитетінде сұранысқа ие болады деп сенеміз, - деп жауап берді ТМД Атқару комитеті.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында туған.

Еңбек жолы: ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы (2001-2003); Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінде үшінші хатшы (2003); Нидерланды Корольдігіндегі ҚР істері бойынша уақытша сенімді өкілі, екінші хатшы (2003-2007); ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде бөлім бастығы (2007);

ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты (2007-2008); ҚР Президентінің баспасөз хатшысының орынбасары (2008-2009); ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2009); Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі (2011-2016);

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі (2016-2019). 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі (25.02.2019-04.05.2020); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары (04.05.2020-11.01.2021); Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі (11.01.2022-04.01.2023).

Барлық жаңалықтар