00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығына жаңа төраға тағайындалды

31.03.2023 | 23:02
Елорда ақпарат
30

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Олжас Сәкенов «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.

Олжас Сәкенов 1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы арқылы Пенсильвания университетінің магистратурасында «Халықаралық білім беруді дамыту» мамандығы бойынша білім алған.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Олжас Сәкеновтің «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларында, білім беру саласындағы ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар. «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК-ның инвестициялық жобалар орталығын басқарды. Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында қызмет атқарды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Барлық жаңалықтар