00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

31.03.2023 | 22:53
Елорда ақпарат
35

Үкімет қаулысымен Евгений Кочетов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол Қазақ гуманитарлық заң университетін, М. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін бітірген. Экономика магистрі.

2009-2013 аралығында «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы қызметтерін атқарған.

2013-2014 жылдары «Цесна» Корпорациясы» АҚ Девелопмент бөлімшесін басқарған.

2014-2016 жылдары «Kazakhstan Real Estate Group» ЖШС басқарма директоры болған.

2016-2017 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты «Орталық коммуникациялық қызметі» РММ директоры қызметін атқарған.

2017-2018 жылдары «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы болды.

2018 жылы «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Барлық жаңалықтар