00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Әділет министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

31.03.2023 | 22:02
Елорда ақпарат
33

ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі – баспасөз хатшысы болып Талғат Уәли тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Талғат Уәли 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.

2009 жылы «Қайнар» Семей университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Семей қалалық ТВК-6 телеарнасының журналисі болып бастаған.

2011 жылы «Qazaqstan» РТРК Семей филиалында жетекші редактор.

2012 жылы «ЭРА» телекомпаниясы» ЖШС (7 арна) жаңалықтар қызметінде журналист болған.

2015 жылы "Хабар" Агенттігі" АҚ жаңалықтар қызметінде журналист.

2016 жылдан бастап «Atameken Business Channel» телеарнасының Жаңалықтар қызметінде президенттік пулдың арнайы корреспонденті, тележүргізушісі және журналисі болған.

Бұған дейін ол ҚР Төтенше жағдайлар мимнистрлігінің ресми өкілі болып қызмет істеген.

Барлық жаңалықтар