00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне жаңа төраға тағайындалды

24.02.2023 | 23:23
Елорда ақпарат
33

Нұрлан Қылышбаев 1971 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген.

Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Д. Қонаев атындағы гуманитарлық институтты бітірген. 

Еңбек жолын 1993 жылы «Талдықорған – Нижний Новгород» сауда үйінің жетекші маманы болып бастаған.

1994-1996 жылдары – Талдықорған орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің жетекші инженері.

1996-1997 жылдары – ҚР ІІМ органдарында қызмет атқарды.

1997-1999 жылдары – Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі.

1999-2004 жылдары – Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімі аппаратында консультант, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы.

2004-2010 жылдары – коммерциялық ұйымның президенті. 

2010-2013 жылдары Талдықорған қаласы, Алматы облысының Табиғи ресурстар басқармасында басшылық қызметтерді атқарған.

2013-2016 жылдары – Алматы облысы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылының әкімі.

2016-2017 жылдары – алтыншы сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі.

2017 жылғы қыркүйектен бастап алтыншы сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитет мүшесі болды.

Барлық жаңалықтар