00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Асхат Оралов Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы болып тағайындалды

24.02.2023 | 23:10
Елорда ақпарат
32

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен партияның Атқарушы хатшысы болып Оралов Асхат Раздықұлы тағайындалды, – делінген хабарламада.

А. Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, ҚР СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастады. 

2013-2016 ж ж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Протокол бөлімінің аға маманы.

2014 жылдан 2016 жыл аралығында – «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 ж ж. – «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а. 

2017-2018 ж ж. – «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы. 

2018 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін – ҚР Дін және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры. 

2018 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың сәуір айы аралығында Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек етті. 

2019 жылдың сәуір айынан 2020 жылдың шілдесіне дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылғы шілдеден бастап 2021 жылдың шілдесі аралығында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді.

2021 жылдың шілдесінен бастап бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. 

 

Барлық жаңалықтар