00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Жоғарғы соттың жаңа судьясы сайланды

24.02.2023 | 20:56
Елорда ақпарат
46

ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп Нұрсерік Шәріповтің 25 жылдан астам судьялық жұмыс тәжірибесі бар екенін хабарлады. Сот қызметін Алматы қаласындағы аудандық сотының судьясы болып бастады, екі аудандық сотты – Алматы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотын және Маңғыстау облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотын басқарды. Одан әрі Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасын басқарып, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы, ҚР Жоғарғы Соты аппаратының басшысы болды. 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Қарағанды облыстық сотының төрағасы қызметін атқарды.

Судьялық қоғамдастықта беделге ие, ҚР Жоғарғы соты судьясының жауапты жұмысына дайын, - деді ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Депутаттар бұл ұсынысты қолдады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы ұсынысы негізінде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабының 1) тармақшасына, 82-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына Нұрсерік Кәрімұлы Шәріповті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметін конкурстан тыс тәртіппен сайлау ұсынылсын, - деп оқыды сенатор Владимир Волков.

Өз кезегінде Нұрсерік Шәріпов өз міндеттерін адал атқаруға, сот төрелігін ҚР Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға ант берді.

Барлық жаңалықтар