00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Туризм индустриясы комитетіне жаңа төраға тағайындалды

24.02.2023 | 20:40
Елорда ақпарат
26

Айдос Сәкенов 1987 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Лидс университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің пайдалану басқармасы сарапшысының м.а. болып бастады. 

2009-2014 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтер атқарған.

2014-2016 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің сарапшысы.

2016-2018 жылдары – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы.

2018-2020 жылдары – Павлодар облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары.

2020 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Барлық жаңалықтар