00:00
Астана -10oC
USD:
472.62
EUR:
513.22
RUB:
5.43
Іздеу

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қайдан көруге болады

11.07.2024 | 14:15
Олжас Сүлейменов
141
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қайдан көруге болады
Фото: ашық дереккөз

Рингте жеңіліп көрмеген отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы 14 шілдеде Лас-Вегаста кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Боксшының бұл жолғы қарсыласы жаңазеландиялық – Андрей Михайлович.

Жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлының қанжығасындағы қос белбеу (WBO және IBF нұсқасы бойынша) сарапқа салынады. 

Кәсіпқой бокс кешін «Qazsport» телеарнасы сағат 06:00-де және 07:00-де «Qazaqstan» ұлттық арнасы көрерменге тікелей эфирде ұсынады. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға 15 рет шығып, оның 10-ын нокаутпен жеңген. Ал оның қарсыласы Андрей Михайлович 21 жекпе-жегінің 13-ін нокаутпен аяқтаған. 

Барлық жаңалықтар