00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

Шымкентте арзанға сатылған мұз сарайы мемлекет меншігіне қайтарылды

18.06.2024 | 18:01
Олжас Сүлейменов
128
Шымкентте арзанға сатылған мұз сарайы мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Мегаполистегі мұз сарайы осыдан 7 жыл бұрын 128 миллион теңгеге жекеменшікке сатылып кеткен. Электронды аукцион кезінде сарай бастапқы бағасынан 8 есе арзанға бағаланған.

Ал жергілікті әкімдік нысанның 67 пайызы өз иелегінде бола тұра, оны жалдауға 1 миллиард теңгеден астам қазына қаржысын жұмсаған.

Мұз сарайын мемлекет меншігіне қайтару туралы сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.

Барлық жаңалықтар