00:00
Астана -10oC
USD:
478.58
EUR:
520.84
RUB:
5.44
Іздеу

Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің жартылай финалына шықты

11.07.2024 | 10:29
Олжас Сүлейменов
131
Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің жартылай финалына шықты
Фото: дереккөз

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 21-ракеткасы, Украина өкілі Элина Свитолинамен кортта кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Осыған дейін қарсыластар өзара төрт рет ойнап, екі-екіден жеңіске жеткен еді. Соның ішінде Токио Олимпиадасында қола жүлде үшін бәсекеде Свитолина басым түссе, биыл Ролан Гарроста Рыбакина есе қайтарған.

Бұл жолы теннисшілер матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен Рыбакина тағы бір брейкпен басымдылығын байқатты – 6:3.

Екінші сетті Елена брейкпен бастап, сосын есепті 5:2-ге жеткізді. Ақыры матчқа доп бергенде қиналған жоқ – 6:2.

Айта кетейік, Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемдік рейтингіде 32-орында тұрған чехиялық Барбора Крейчиковамен кездеседі.

Барлық жаңалықтар