00:00
Астана -10oC
USD:
478.58
EUR:
520.84
RUB:
5.44
Іздеу

Эльжана Таниева Олимпиада алдындағы соңғы әлемдік жарысқа қатысады

10.07.2024 | 09:35
Олжас Сүлейменов
112
Эльжана Таниева Олимпиада алдындағы соңғы әлемдік жарысқа қатысады
Фото: дереккөз

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Эльжана Таниева Олимпиада қарсаңындағы соңғы ірі турнирге қатысады, деп хабарлады Elorda.info

23-28 шілде аралығында Румынияның Клуж-Напока қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогі өтеді. 

Бұл бәсекеде Әлия Жүсіпова жаттықтыратын Эльжана Таниева бақ сынайды. Аталған турнир гимнастар үшін Париж Олимпиадасының алдындағы шешуші турнир болмақ. 

Румыниядағы әлем кубогіне көркем гимнастикадан Париж Олимпиадасына жолдама алған 24 спортшы да қатысады.

Айта кетелік, қазіргі таңда Эльжана Таниева Германиядағы жаттығу базасында дайындалып жатыр. Спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын Ташкенттегі лицензиялық Азия чемпионатында жеңіп алған болатын. 

Барлық жаңалықтар