00:00
Астана -10oC
USD:
478.58
EUR:
520.84
RUB:
5.44
Іздеу

ATP 250 Almaty Open турниріне билеттер сатылымы басталды

08.07.2024 | 15:47
Олжас Сүлейменов
91
ATP 250 Almaty Open турниріне билеттер сатылымы басталды
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан теннис федерациясы «Алматы Аренада» 13-20 қазанда өтетін Almaty Open ATP 250 турниріне билет сату басталғанын мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info

ATP 250 турнирі әлемнің 30 елінде ерлер арасында өтетін кәсіби теннис жарыстарының санатына кіреді. Аталмыш санатқа 40 турнир енеді. Онда жеңімпаз атанғандар ATP (Кәсіби теннисшілер қауымдастығы) рейтингісіне кіретін 250 ұпайға ие болады. Almaty Open ATP 250 жүлде қоры 1 млн доллардан асады. 

Матчтар күндізгі және кешкі сессияда өтеді, бұл көрермендер үшін қолайлы уақытты таңдау үшін ыңғайлырақ болмақ. Билет құны 3 мың теңгеден басталады. 

Билеттерді almaty-arena.kz, zakazbiletov.kz, ticketon.kz, topbilet.kz және afisha.yandex.kz сайттарынан сатып алуға болады.

Барлық жаңалықтар