00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
518.99
RUB:
5.4
Іздеу

Еуро-2024: Қазақстан құрамасы Словенияға есе жіберді

01.04.2023 | 00:44
Елорда ақпарат
52

Футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін Словенияға қарсы матчпен бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Н тобындағы алғашқы тур матчындағы ойын «Астана Аренада» өтті.

Ойынның 24-минутында Қазақстан құрамасы алға шықты. Максим Самородов сол қанаттан әуелеген допты голға айналдырды. Осы голдың арқасында қазақстандықтар үзіліске жеңімпаз ретінде кетті.

Бірақ екінші таймда бәрі өзгерді. 47-минутта Давид Брекало таразы басын теңестірді. Ал 78-минутта Зан Випотник словениялықтардың екінші голын соқты.

Өкінішке қарай, ойынның соңына дейін алаң иелері есепті теңестіре алмады. 1:2 – Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеуін жеңіліспен бастады.

Енді қазақстандықтар 26 наурызда өз алаңында Данияны қабылдайды.

Барлық жаңалықтар