Elorda.info

ФИФА Катардағы әлем чемпионатының басталу күнін өзгертті

Катарда өтетін 2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты бір күн ерте басталады. Бұл туралы ФИФА-ның ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

ФИФА Катардағы әлем чемпионатының басталу күнін өзгертті

Катар мен Эквадор арасындағы ашылу матчы бастапқыда жоспарланғандай 21 қараша емес, жиырмасына қойылыпты.

Бұл ойынға дейін де екі матч өтеді: Сенегал - Нидерланды және Англия - Иран. Дегенмен біріншілікті ашатын ойын осы Катар мен Эквадор кездесуі болады.

Мундиаль 18 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Спорт