Elorda.info

Бокстан ұлттық құрама Азия чемпионатына қатыспайтын болды

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері 20-30 қаңтар аралығында бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтетін Азия чемпионатына қатыспайтын болды, деп хабарлады Elorda.info

Бокстан ұлттық құрама Азия чемпионатына қатыспайтын болды

Бұл туралы Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов хабарлады

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жоспарланған оқу-жаттығу жиындарын кейінге қалдырдық. 20 қаңтар күні Ташкентте басталатын 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия біріншілігіне де бармаймыз. Өйткені тәртіпсіздіктерге байланысты елден шығуға рұқсат жоқ. Мұндай қиын кезеңде біз бірігіп, ауызбіршілік танытуымыз қажет. Қазір жаттығу жиындары да, жарыстар да тоқтап тұр. Дегенмен келесі айдан бастап барлық жоспарымыз уақтылы орындалады деп сенеміз, – дейді Қайрат Сәтжанов.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Спорт