00:00
Астана -10oC
USD:
477.03
EUR:
521.44
RUB:
5.43
Іздеу

«Бокстан жетекші мемлекеттің біріміз»: Райымқұлова риза болып отыр

24.02.2023 | 17:57
Елорда ақпарат
77

«Қазақстан Тәуелсіз ел ретінде 1993 жылдан бері бокстан әлем чемпионаттарына үздіксіз қатысып келеді. Осы аралықтағы 15 әлем чемпионатында біздің былғары қолғап шеберлері 51 медальді қоржынға салды. Оның 14-і – алтын, 15-і – күміс, 22-сі – қола. Осы бәсекеде біз барлық жүлде саны бойынша АҚШ-тан озып, жалпы есепте Куба мен Ресейден кейін үшінші орынға көтеріліп отырмыз. Бұл біздің бокстан әлемдегі жетекші мемлекеттің бірі екенімізді көрсетеді. Алдағы уақытта да тынымсыз еңбектің арқасында спортшыларымыз осы қарқынымен жүлде қорын молайта береді деп сенемін. Сіздер үшін келесі меженің бірі – Ташкентте өтетін әлем чемпионаты болмақ» ,-деді министр.

Сонымен қатар ол барлық боксшымыз шаршы алаңда барын салып жұдырықтасқанын, ерекше жекпе-жектерімен қалың жанкүйердің жоғары бағасын алғанын жеткізді.

 

«Әрбір үлкен жеңістің артында спортшының табандылығымен қатар, бапкердің қажырлы еңбегі тұрады. Осы тұста біздің бапкерлерге ерекше алғыс айтамын. Лайым шәкірттеріңіз сенім үдесінен шығып, үміттеріңізді ақтасын», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Кездесу барысында министр әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына сәйкес, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы және ҚР Еңбек сіңірген спортшысы атағын табыстады.

Барлық жаңалықтар