Нур-Султан 19.2°
×
09.01.2022, 17:00
Интересно? Поделись новостью с друзьями!

Қылмыскерлер полиция қызметкерлерінің киімін киіп, заңсыз әрекеттерге барған - ІІМ

Ішкі істер министрінің м.а. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, қару-жарақ пен әскери техниканы тартып алу мақсатында Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен бақылау-өткізу пунктеріне шабуыл жасау әрекеті де болды, деп хабарлады elorda.info. 

Қылмыскерлер полиция қызметкерлерінің киімін киіп, заңсыз әрекеттерге барған - ІІМ

Жалпы республика бойынша тәртіпсіздіктер кезінде 400-ден астам көлік зақымданып,жойылды. Оның ішінде 346 ішкі істер органдарының көлігі. Тонаушылар 100-ден астам ірі сауда нысаны мен банкті тонап кеткен. Алдын ала келтірілген шығын 87 млрд теңгеден асады.Құзырлы органдардың белеліне нұқсан келтіру мақсатында қылмыскерлер полиция қызметкерлерінің, әскери қызметкерлердің киімін киіп алып, заңсыз әрекеттерге барған.  Осы жағдайды ескере  отырып, ҚР Президенті еліміздің барлық өңіріне төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады, – деді ол.

Ерлан Тұрғымбаев көлік құралдарының қозғалысына, кіруіне және шығуына,құжаттарды тексеруге, жеке заттарын, автокөліктер мен жүктерді тексеруге шектеулер енгізілді. 

Сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым слу және басқа да шаралар қабылдағанын жеткізді. Олады бұзғаны ұшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Следите за самыми актуальными новостями в нашем Telegram-канале и на странице в Facebook
Лента новостей

Герои столицы