Нур-Султан -12.5°
×
09.01.2022, 17:30
Elorda Aqparat
Elorda Aqparat
Интересно? Поделись новостью с друзьями!

Алматыда 10 қаңтардан бастап қоғамдық көліктер жұмысы қайта жанданады

Алматыда кезең-кезеңімен қоғамдық көлік жұмысы жанданады, деп хабарлады Elorda.info Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда 10 қаңтардан бастап қоғамдық көліктер жұмысы қайта жанданады
фото: tengrinews.kz

Алматы Қалалық мобильділік басқармасы мәліметінше, 10 қаңтардан бастап 11 бағыт бойынша қоғамдық көлік іске қосылады. Олар сағат 7.45-тен сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл - №34, №118, №38, №205, №206, №16, №11, №128, №141, №65 бағыттағы автобустар.

Қоғамдық көлік мынадай бағыт бойынша қатынайды:

№ 11: Саин - Райымбек - Тәтібеков - Думан ықшамауданы (кері осы бағыт бойынша),

№ 128: Саин - Жандосов - Алтынсарин - Абай - Достық - Самал ықшамауданы (кері осы бағыт бойынша),

№ 141: Рысқұлов - Розбакиев - Райымбек - Саяхат - Достық - Мұзтау ықшамауданы (Бутаковкадан бұрылады) (кері осы бағыт бойынша),

№ 65: Саин - Төле би - Абай - Достық - Думан ықшамауданы (кері осы бағыт бойынша),

№ 206: Төле би - Саин - Төле би көшесі бойымен - ҮААЖ (кері осы бағыт бойынша),

№ 38: әл-Фараби - ҮААЖ - Саин - Рысқұлов,

№ 205: Жетісу базары - ҮААЖ - Төле би - Темирязев - Саин - әл-Фараби (кері осы бағыт бойынша),

№ 16: Төле би -  Саин - Төле би көшесі бойымен - Желтоқсан/Наурызбай батыр - Гоголя - Мәдениет және демалыс саябағы (кері осы бағыт бойынша),

№ 118: Райымбек -  Саин - Абай - Назарбаев - Төле би - Қалдаяқов - Гоголя - Мәдениет және демалыс саябағы (кері осы бағыт бойынша).

Бұл автобустардың 11-12 қаңтарға арналған бағыты. Сондай-ақ, басқарма өкілдері қала маңындағы қоғамдық көлік жұмысы туралы қосымша ақпарат беруге уәде берді. Алматы метросы ТЖ режимі аяқталғанға дейін жабық болады.

Следите за самыми актуальными новостями в нашем Telegram-канале и на странице в Facebook
Лента новостей

Герои столицы