00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

Мемлекет басшысы Нұрлан Ноғаевқа бірқатар міндет жүктеді

09.07.2024 | 18:17
Олжас Сүлейменов
117
Мемлекет басшысы Нұрлан Ноғаевқа бірқатар міндет жүктеді
Фото: akorda.kz

Президент Қазақстанның Түрікменстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас Түрікменстанмен достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік байланыстарын одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Президент екіжақты ықпалдастықты, оның ішінде энергетика, көлік-транзит, сауда және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде Нұрлан Ноғаевқа бірқатар міндет жүктеді.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің мазмұнды әрі сапалы болуына баса назар аударуды тапсырды.

Барлық жаңалықтар