00:00
Астана -10oC
USD:
474.62
EUR:
517.19
RUB:
5.39
Іздеу

Қорғаныс министрі әскери бөлімдерді аралады

25.02.2023 | 04:51
Елорда ақпарат
121

Қорғаныс министрі «Мәтібұлақ» полигонында және Құрлық әскерлері әскери институтының оқу-жаттығу орталығында өткен жаттығудың белсенді кезеңін бақылады. Оның нәтижелері бойынша ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан әскерінің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға қатысты бірқатар нұсқаулар берді.

Алматы облысының Тілендиев ауылындағы Бітімгерлерді дайындау оқу орталығының қызметі көрсетілді. Әскери басшылық полигонның әскери инфрақұрылымын дамытудың және бітімгерлерді даярлауды жетілдірудің негізгі бағыттарын белгіледі.

Қорғаныс министрлігі бітімгерлерді сапалы оқыту үшін қажетті оқу-материалдық база құруды, тәжірибе алмасумен қатар, Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгершілік әлеуетін нығайтуға бағытталған шараларды іске асыруда.

Гвардейск гарнизонында комиссия әскери бөлімдердің күнделікті қызметін ұйымдастыруды, әскери қалашық ғимараттарының жай-күйін, объектілерді салу және жөндеу барысын тексерді.

Сарыөзекте Қорғаныс министрлігінің жұмыс тобы бригадалардың жауынгерлік даярлығын ұйымдастыруды, қару-жарақ пен әскери техниканы ұстау тәртібін тексерді.

Барлық гарнизондарда қоймалардың өртке және диверсияға қарсы қорғаныс жабдықтары тексерілді. Одан өзге, қорғаныс ведомствосының басшысы оқ-дәрілерді жою жағдайларымен танысты.

Барлық жаңалықтар