Elorda.info

Тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан полицейлер отбасына 5 жылдық қызметтік қаржы төленеді - Тұрғымбаев

Бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев еліміздегі тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан полицейлер отбасына 5 жылдық қызметтік қаржы төленеді - Тұрғымбаев

Жақында қаңтарда террористер қолынан полиция мен Ұлттық ұланның 8 қызметкері қайтыс болды, 2911-і жарақат алды. Ерлікпен қаза болғандар 2-ші және 3-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Олардың отбасына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Одан бөлек, заң бойынша қызмет міндетін атқару барысында қайтыс болған қызметкердің отбасына 5 жылдық қызметтік қаржысы және жерлеу үшін 3 айлық өтемақы төленеді, - деді Ерлан Тұрғымбаев.


 

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Саясат