Elorda.info

Белгілі әнші Майра Ілиясова сайлауда дауыс берді

Әнші елдің тағдырына әсер ететін маңызды шешімді қабылдауға атсалысты

Белгілі әнші Майра Ілиясова сайлауда дауыс берді

ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік академиялық филармонияның әншісі Майра Ілиясова Астана қаласындағы "Astana Garden School" жекеменшік мектебінің ғимаратында орналасқан №319 сайлау учаскесіне барып, елдің тағдырына әсер ететін маңызды шешімді қабылдауға атсалысты, деп хабарлады Elorda.info

Бұл сайлау елдің тағдырын айқындайды. Таңмен таласа өз таңдауымды жасадым. Бүгін мен сайлау учаскесіне республика азаматы ретінде өз міндетімді орындауға – дауыс беруге келдім. Елдің алдында жүрген аға-әпкелер өздерінен кейінгілерге үлгі-өнеге көрсететін шақ келді. Сайлаудан, келешектен жақсылықты күтемін, - деді Майра Ілиясова. 

№319 сайлау учаскесінің төрағасы Нұрсұлтан Ерімбетовтің айтуынша, мұнда 2 548 сайлаушы тіркелген. Олардың біреуі үйден дауыс беруге өтінім берген. 12 байқаушы осы сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысын бақылауда. Мұнда дауыс берушілердің арасындағы танымал тұлғалардан Майра Ілиясовадан басқа белгілі велошабандоз Александр Винокуров та бар.

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Сайлау-2023