Elorda.info

Астаналық тұрғын дауыс беруге сағат 5:45-те келген

Бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр

Астаналық тұрғын дауыс беруге сағат 5:45-те келген

Бүгін №107 сайлау учаскесіне дауыс беруге елорда тұрғыны Бауыржан Жабалов таңғы сағат 5:45-те келді, деп хабарлады Elorda.info

Бүгін – еліміз үшін ерекше күн. Сол үшін таңғы сағат 5-те тұрып, таза ауада жүгіріп, кейін өз сайлау учаскеме келдім. Көңіл-күйім керемет. Жалпы өзім елде өтетін сайлауға қатысып, өз үлесімді қосып тұрамын. Бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді Б.Жабалов.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Сайлау-2023