Elorda.info

Елордадағы №196 сайлау учаскесінде ең бірінші болып өрт сөндіруші дауыс берді

Бірінші болып дауыс беру үшін учаскеге жиналған адамдар қарасы көп 

Елордадағы №196 сайлау учаскесінде ең бірінші болып өрт сөндіруші дауыс берді

Әлкей Марғұлан атындағы мектеп-лицей қабырғасында орналасқан №196 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де ашылды. Мемлекеттік әнұран ойнаған соң, сайлау комиссиясының төрағасы Жанкелді Базыл құттықтау сөзін сөйлеп, сәттілік тіледі, деп хабарлады Elorda.info

Елордалық өрт сөндіруші таңмен таласа сайлау учаскесіне алғашқы болып келіп, дауыс берді. Оның айтуынша, мұнда ол учаске ашылмай тұрып келген.  

Сайлауда өз дауысымды беруді азаматтық міндетім деп білемін. Жұмысқа бару керек, сол үшін бірінші келдім. Сайлау жай науқан емес, ол ел болашағындағы маңызды күн. Халық бейжай қарамаса деймін, - деді өрт сөндіруші. 

№196 сайлау учаскесінде дауыс беруге алғашқының бірі болып келген тұрғынға арнайы сыйлық табысталды. 

Жалпы №196 сайлау учаскесінде 2 983 сайлаушы бар, оның 24-і 18 жаста, әзірге 5 адамнан үйден дауыс беруге өтініш түскен. 6 байқаушы және 6 партияның сенімді өкілі дауыс беру процесін бақылайды, - деді №196 сайлау учаскесінің төрағасы Жангелді Базыл.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Сайлау-2023