Elorda.info

Бүгін – сайлау алдындағы үгіт-насихаттың соңғы күні

Тыныштық күні үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады

Бүгін – сайлау алдындағы үгіт-насихаттың соңғы күні

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бүгін – сайлау алдындағы үгіттің соңғы күнін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, тыныштық күні үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады.

Сайлау алдындағы үгіт сайлау туралы конституциялық заңның нормаларына сәйкес, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 00:00 сағатта аяқталады. Осылайша, бүгін сайлау алдындағы үгіттің соңғы күні. Сайлау процесіне қатысушылардың барлығына ертең, 18 наурыз тыныштық күні екенін еске саламын. Тыныштық күні алдындағы үгітпен байланысты кез келген іс-әрекетке тыйым салынады. Ол үшін заңнамамен құқықтық жауапкершілік көзделген, - деді ОСК төрағасы.

Айта кетейік, сайлау науқаны аясындағы 31-отырысқа барлық 17 өңір мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері, әкім аппаратының басшылары онлайн қатысты.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Сайлау-2023