Elorda.info

Қазақстандықтардың 77,5%-ы кезектен тыс Президент сайлауына қатысуға дайын

Сауалнамаға 8 мың респондент қатысқан

Қазақстандықтардың 77,5%-ы кезектен тыс Президент сайлауына қатысуға дайын

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу бірлестігі мен «Damu Research Group» зерттеу тобы жұртшылық арасында сауалнама жүргізген, деп хабарлады Elorda.info.

Қазанның 29-ы мен қарашаның 10-ы аралығында жүргізілген сауалнамаға 18 жастан асқан 8 000 респондент қатысқан.

Оның нәтижесі бойынша сұралғандардың 61,85%-ы сайлауға міндетті түрде баратынын айтқан.

15,75%-ы дауыс беруім ықтимал десе, 9,75%-ы сайлауға бармайтындарын жеткізген. 

Ал 12,85%-ы әлі нақты шешім қабылдамаған.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Сайлау-2023