Elorda.info

Ұлттық волонтерлік желісі Президент сайлауына Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Елімізде 200 мыңнан астам волонтерді қамтыған 600-ден астам волонтерлік ұйым жұмыс істейді

Ұлттық волонтерлік желісі Президент сайлауына Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына ұлттық волонтерлік желісі бірауыздан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып отыр. Бұл туралы Астанаа өтіп жатқан ұлттық волонтерлік желісінің жиынында ұйым төрағасы Вера Ким мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 200 мыңнан астам волонтерді қамтыған 600-ден астам волонтерлік ұйым жұмыс істейді.

Осы жылдар ішінде Мемлекет басшысы волонтерлік салада аса маңызды бастамалар көтеріп, қолдап келеді. Сонымен қатар еріктілер мен волонтерлік ұйымдардың жұмысын, еңбегін жоғары бағалады. Президент волонтерлерге үлкен сенім артады, ал Мемлекет басшысының қолдауы бізді шабыттандырады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген сенім еліміздің көркеюі мен халқымыздың мүддесі үшін бағытталған. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың жемісін барша қазақстандық көріп отыр. Біздің Президентіміз волонтерлік қозғалысты қолдайды, ендеше біз де өз Президентімізді қолдаймыз, - деді ұлттық волонтерлік желісінің төрағасы Вера Ким.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Сайлау-2023