Мәжіліс депутаты: «Астана» атауын қайтару – бүкіл Қазақстанның сұранысы
![](/img/articles/uploads/63229ec52a3d3438004963_fdefca4058.jpg)
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан соң журналистер «Астана» атауын қайтаруға қатысты депутаттардың пікірін білген болатын. Соған қатысты Еділ Жаңбыршин өз пікірін білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Өмір бір орында тұрмайды ғой. Сондықтан уақыты келген мезгілі болуы керек. Соған байланысты қазіргі өзгерістер. Конституция қатып қалған дүние емес. Егер де кейбір өзгерістер біздің қоғамға қажетті болатын болса немесе мемлекетіміздің тұрақтылығына, ары қарай дамуына қажетті нормалар болатын болса, өзгеріп тұруы керек деп ойлаймын. Астана атауын қайтару – бүкіл Қазақстан халқының көпшілігінің сұранысы. Бұл ұсыныстар соған байланысты, - деп жауап берді Еділ Жаңбыршин.
Сондай-ақ журналистер мәжілісменге «Алдағы уақытта Солтүстік өңірлердегі Петропавл мен Павлодардың атауларын ауыстыру туралы бастама көтеріле ме?» деген сауал қойды.
Солтүстік өңірде тұратын өзіміздің титулдық ұлттың өкілдері бар болғаны 36 пайыз ғана. Сондықтан артық қыламыз деп тыртық қылып алмау керек. Біз көрші елдерде болып жатқан әртүрлі саяси жағдайларды ескеруіміз керек деп ойлаймын. Сондықтан уақыты келгенде ол да өзгеріске ұшырайды. Өзім соған сенімдімін, - деді Мәжіліс депутаты.
Сондай-ақ ол Алматы облысындағы Ұйғыр ауданына қатысты да өз пікірін білдірді.
Енді бұл мәселелерді де қарау керек. Себебі біз қазір ат ауыстырып аламыз деп бұл жерде үлкен дау туғызып алмауымыз керек. Сондықтан мұның барлығын әлеуметтік жағынан зерттеп, сол жерлерде тұратын халықпен ақылдасып, шешуіміз керек, - деді Мәжіліс депутаты.
![](/img/articles/uploads/ad20aab1e329476386c603b4abeadb5e_0855760d54.jpg)
![](/img/articles/uploads/altyn_db4b8a039b.jpg)
![](/img/articles/uploads/lgbt_blok_7a5eaf064e.jpg)
![](/img/articles/uploads/bylapyt_9be3e237df.jpg)
![Еліміздегі тарихи және киелі орындарды сақтау қажет – Дархан Қыдырәлі](/img/articles/uploads/ad20aab1e329476386c603b4abeadb5e_0855760d54.jpg)
![«Ерте тұрған ұл елден ертерек есейді»: Алтынбек Сәрсенбаевты достары осылай еске алды](/img/articles/uploads/altyn_db4b8a039b.jpg)
![Елдегі ЛГБТ ұйымын насихаттайтын сайт жабылды](/img/articles/uploads/lgbt_blok_7a5eaf064e.jpg)
![Қоғамда былапыт сөйлеу сәнге айналды ма?](/img/articles/uploads/bylapyt_9be3e237df.jpg)
![Қысқы демалыста қай елдерге баруға болады?](/img/articles/uploads/sayah_db878433b8.jpg)
![](/img/articles/uploads/meshit_f6c93c716b.jpg)
![Анасын іздеп келген қазақ баласы мен партизанды іздеген қазақ ақыны](/img/articles/uploads/775407fb_068e_401e_bd5f_09bbe3a06884_ba2788e2c1.jpg)
![Амантай қажының «Аттаны» мәлім, азаматтығы ше?](/img/articles/uploads/amantaj_12558e754b.jpg)
![Оппозициядағы Әбділдинге қызметінен қорықпай көмектескен әкім кім?](/img/articles/uploads/3_8c868ec060.jpg)
![Бауыржан Момышұлы тірі болғанда Бишімбаевты қорғар ма еді?](/img/articles/uploads/ae40ab98_0cba_4b6f_9cc4_a18079c73f41_e724715ab2.jpg)
![Бауыржан Момышұлы тірі болғанда Бишімбаевты қорғар ма еді?](/img/articles/uploads/ae40ab98_0cba_4b6f_9cc4_a18079c73f41_e724715ab2.jpg)
![Анасын іздеп келген қазақ баласы мен партизанды іздеген қазақ ақыны](/img/articles/uploads/775407fb_068e_401e_bd5f_09bbe3a06884_ba2788e2c1.jpg)
![Шенеуніктер Ықсановтан үлгі алуға ықыласты ма?](/img/articles/uploads/Yksanov_2_6a1b8b8a78.jpg)
![Амантай қажының «Аттаны» мәлім, азаматтығы ше?](/img/articles/uploads/amantaj_12558e754b.jpg)
![Қысқы демалыста қай елдерге баруға болады?](/img/articles/uploads/sayah_db878433b8.jpg)
![Қоғамда былапыт сөйлеу сәнге айналды ма?](/img/articles/uploads/bylapyt_9be3e237df.jpg)
![Араздасқан Әуезов пен Мүсіреповті кім татуластырды?](/img/articles/uploads/d2f705c8_ba83_4cef_b629_76367d2d90c8_e8800a30cf.jpg)