«Осы тәртіпсіздікті біз жасадық» – Мәжіліс депутаты
![](/img/articles/uploads/61e100c6839ad465193945_48f245e862.jpeg)
Ол өз жазбасында көшеге шыққан, бұзақылық жасаған азаматтардың көпшілігі біздің бауырлар, көпшілігі жас балалар екенін айтты.
Олардың бұл жүріс-тұрысы үшін барлығымыздың (менің де) кінәміз бар. Өйткені, ол жастардың мүлдемге «өмір перспективасы» жоқ. Олардың «жоғалтатын ештеңесі жоқ».
Проблема осында.
Бұл – ең бірінші мемлекеттік саясаттың бұрыстығы. Біз ауылды ұмытып кеттік, ауыл мен қаланың арасындағы мәдениет, білім, қаржы деңгейіндегі теңсіздіктің нәтижесінде олар қалаға келеді. Қалада ол жастарды күтіп отырған ешкім жоқ.
Еріксіз базар, сауда орталықтарына барады. Ол жақта тәшкі тасып, жүк тасушы болып еңбек етеді. Жалақысы өте аз, әлеуметтік гарантия жоқ, кредиттен кредит. Әке-шешелерінің де әлеуметтік жағдайы төмен.
Сол жастар қаланың белгілі бір топтарының тоқ, уайым жоқ өмірін көреді. Іште ыза, ымырасыздық, кек, төзімсіздік пайда болады.
Дәл осы кезде олардың жолында діни экстремисттер пайда болып, идеологиялық жұмыс істейді.
Өкінішке орай, мемлекет, қоғам, біз осы тәртіпсіздікті өзіміз жасадық.
Ауыл мектептерінің білім деңгейін көтеріп, ауылдарда балаларымызды техника, ноу-хау, жаңа біліктілікке баулымасақ, бұл құбылыстан құтылу мүмкін емес.
Ауылдардың больница, кітапхана, интернетке қолжетімділік мәселесін шешу керек.
Ауылдарда жол мүлдемге жоқ. Ауылдарға барғанда «жол азабының» не екендігін сезінерің анық.
Қалаға келген, базарларда еңбек етіп жүрген біздің жастарымызды бизнеске баулу, оларға өмір перспективасын беру бағдарламасын жасау өте маңызды! – деп жазды депутат.
![](/img/articles/uploads/ad20aab1e329476386c603b4abeadb5e_0855760d54.jpg)
![](/img/articles/uploads/altyn_db4b8a039b.jpg)
![](/img/articles/uploads/lgbt_blok_7a5eaf064e.jpg)
![](/img/articles/uploads/bylapyt_9be3e237df.jpg)
![Еліміздегі тарихи және киелі орындарды сақтау қажет – Дархан Қыдырәлі](/img/articles/uploads/ad20aab1e329476386c603b4abeadb5e_0855760d54.jpg)
![«Ерте тұрған ұл елден ертерек есейді»: Алтынбек Сәрсенбаевты достары осылай еске алды](/img/articles/uploads/altyn_db4b8a039b.jpg)
![Елдегі ЛГБТ ұйымын насихаттайтын сайт жабылды](/img/articles/uploads/lgbt_blok_7a5eaf064e.jpg)
![Қоғамда былапыт сөйлеу сәнге айналды ма?](/img/articles/uploads/bylapyt_9be3e237df.jpg)
![Қысқы демалыста қай елдерге баруға болады?](/img/articles/uploads/sayah_db878433b8.jpg)
![](/img/articles/uploads/meshit_f6c93c716b.jpg)
![Анасын іздеп келген қазақ баласы мен партизанды іздеген қазақ ақыны](/img/articles/uploads/775407fb_068e_401e_bd5f_09bbe3a06884_ba2788e2c1.jpg)
![Амантай қажының «Аттаны» мәлім, азаматтығы ше?](/img/articles/uploads/amantaj_12558e754b.jpg)
![Оппозициядағы Әбділдинге қызметінен қорықпай көмектескен әкім кім?](/img/articles/uploads/3_8c868ec060.jpg)
![Бауыржан Момышұлы тірі болғанда Бишімбаевты қорғар ма еді?](/img/articles/uploads/ae40ab98_0cba_4b6f_9cc4_a18079c73f41_e724715ab2.jpg)
![Бауыржан Момышұлы тірі болғанда Бишімбаевты қорғар ма еді?](/img/articles/uploads/ae40ab98_0cba_4b6f_9cc4_a18079c73f41_e724715ab2.jpg)
![Анасын іздеп келген қазақ баласы мен партизанды іздеген қазақ ақыны](/img/articles/uploads/775407fb_068e_401e_bd5f_09bbe3a06884_ba2788e2c1.jpg)
![Шенеуніктер Ықсановтан үлгі алуға ықыласты ма?](/img/articles/uploads/Yksanov_2_6a1b8b8a78.jpg)
![Амантай қажының «Аттаны» мәлім, азаматтығы ше?](/img/articles/uploads/amantaj_12558e754b.jpg)
![Қысқы демалыста қай елдерге баруға болады?](/img/articles/uploads/sayah_db878433b8.jpg)
![Қоғамда былапыт сөйлеу сәнге айналды ма?](/img/articles/uploads/bylapyt_9be3e237df.jpg)
![Араздасқан Әуезов пен Мүсіреповті кім татуластырды?](/img/articles/uploads/d2f705c8_ba83_4cef_b629_76367d2d90c8_e8800a30cf.jpg)