00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жыл сайынғы өңірлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін биыл Түркістан облысы бастайды

29.08.2023 | 15:00
82
фото: gov.kz

Осы аптаның соңында Астанада өңірлерден тауар өндірушілердің қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкелері басталады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңке 2 қыркүйектен 29 қазанға дейін әр сенбі мен жексенбі күндері өтеді

Түркістан облысының шаруалары өз өнімдерін елордалықтарға бірінші болып ұсынады. Өңірден 70-тен астам ауыл шаруашылығы өндірушілері 556 тонна өнім әкеледі. Олардың ішінде ет (жылқы еті, қой еті, сиыр еті, құс еті) және ет өнімдері, көкөністер, жемістер, сүт өнімдері (қымыз және шұбат), бақша, бал, жеміс шырындары мен консервіленген өнімдер, балық, жұмыртқа және нан-тоқаш өнімдері бар. Барлық өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен сатылатын болады.

Айта кетейік, биыл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу орны өзгерді. Ол «Барыс Арена» мұз сарайына қарама-қарсы аумақтан ҚазҰӨУ алдындағы алаңға (Тәуелсіздік даңғылы, 50) көшті.

Естеріңізге сала кетейік, елордада демалыс күндері де жәрмеңкелер өткізіледі. Сенбі-жексенбі күндері. Жәрмеңкеге азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілер және жақын маңдағы аудандардан шаруа қожалықтары қатысады.

Все новости