Журналист Төлен Тілеубай елордалық оқушылармен кездесті
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/4_dbc8a00ae9.jpg)
Бүгін елордадағы мектептердің бірінде журналист, «Астана ақшамы» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы Төлен Тілеубайдың кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Кітап атауы – «Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі». Кездесу барысында оқушылар кітаптың жарыққа шығудағы мақсатымен танысты және көкейлеріндегі сауалдарға жауап алды. Сондай-ақ отырыста қазіргі уақытта кітап оқудың маңызы жайында әңгіме айтылды.
Бүгінгі кездесу қаладағы Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектепте ұйымдастырылды. Оған 9, 11-сынып оқушылары жиналды. Кездесу барысында оқушылар кітап оқудың пайдасы жайында өз пікірлерін айтты.
Біздің бүгінгі отырысымыз «Бейсенбілік әңгіме» деп аталады. Бұл – үлкен жоба. Әр бейсенбіде елімізге қызмет жасаған, балалардың болашағына әсер ете алатын, өзі жетістікке жеткен, тәлім-тәрбиесі көп азаматты шақырамыз. Басты мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Қонағымыз кітап оқитын бала қандай жетістікке жететіні жайында айтты. Бүгінгі спикерімізбен әдемі сыр-сұхбат болды, - деді Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектептің директоры Сәуле Әзімханова.
Кездесу барысында кітап оқуды қалай бастағанымды, кітапты қалай сүю керектігін, олардың менің өмірімді қалай жеңілдетіп, жетістіктерге жетуге көмектескенін әңгімелеп бердім. Бала кезімде ауылдағы үйдің шатырына кіріп алып, әдеби кітаптарды құмарлана оқитын едім. Бүгінгі жас оқырманды қандай кітаптар қызықтыратыны, қағаз кітап пен электронды кітаптың қайсысын қалайтыны, оқығаныңды өмірге қалай қолдануға болатыны турасында ой бөлістік, - деді Төлен Тілеубай.
![Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам адам тамашалады](/img/articles/2c576a44a3502661c0531a4505edc2d9.jpeg)
![Елорда күні: Қалалық алаңда театрлар шеруі өтті](/img/articles/ec6a57e10b77c55fa3ee47323b51010e.jpeg)
![Астанада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды](/img/articles/f4c621155fe5cc49fc45455c1c399411.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/3e6f8bb70cc5280afd870901f1b63da5.jpeg)
![Елордада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр](/img/articles/5c52dc9da84fe6abb5edd12dcf734df6.jpeg)
![Астанада ардагерлерге арналған кеңсе ашылды](/img/articles/692e656d4cb785d4b69f666ccc8453df.jpg)
![Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Астана күнімен құттықтады](/img/articles/8c2c70a0ac40cf7820188470161e45f5.jpeg)
![Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады](/img/articles/9bb4915de6001b5c860c2fa9fc2aad82.jpeg)
![Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![Ербол Мырзабосынов: Мектеп интернаты мен колледж - жоғары спортқа резерв дайындайтын басты баспалдақ](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)