00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жұмыс берушіге 57 млн теңге залал келтірген астаналық маман сотталды

07.12.2023 | 11:00
97
Фото: дереккөзден

Астанада компания қызметкері жұмыс берушінің кеңсе техникасын сатып, одан түскен ақшаны құмар ойынға жұмсаған, деп хабарлады Elorda.info. 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты компанияға 57 млн теңге залал келтірген қызметкерге қатысты үкім шығарды. Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша 7 жылға сотталды. Сонымен қатар 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. 

Сотталушы тағайындалған жазаны жеңілдетуді сұрап апелляциялық шағым түсіргенімен үкім өзгеріссіз қалған. 

Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталушының өзіне сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салғаны дәлелденгендіктен және тағайындалған жазаның кінәлі адамның жеке басына және туындаған зардаптарға сәйкестігіне байланысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп көрсетті Астана қалалық сотының баспасөз қызметі. 

ЖШС-ға келтірілген залал өтелген жоқ.

Все новости