00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Жасай бер, жайна, Астанам»: елордада бұқаралық велошеру өтеді

Велошеру
фото: Астана қаласы әкімдігі

30 маусым күні Астана күніне орайластырылған «Жасай бер, жайна, Астанам!» атты бұқаралық велошеру өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 

 Велосипедшілер Қосшыға жүретін жол бойындағы айналма веложолдан бастап 25 шақырым қашықтықты басып өтіп, «Үркер» (Ильинка, «Жасыл белдеу») тұрғын алабының саябағында мәреге жетеді.

Велошеруге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 07:00-ден 08:00-ге дейін жалғасады. Басталуы 08:00. Тіркелу тегін.

Шара аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Әрбір қатысушы веложарысқа өз велосипедімен жіберіледі. Шлемнің болуы міндеттеледі.

Айта кетейік, іс-шара спорттық жарыс болып саналмайды. Мерекелік велошеруге қатысуға елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары шақырылады.

Все новости