00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

ТЖД елордалықтарға ескерту жасады

21.05.2024 | 17:36
131
ТЖД елордалықтарға ескерту жасады
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті шомылу маусымы қарсаңында елордалықтарға ескерту жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов елордалықтарды суға түсуге рұқсат берілген орындарда ғана шомылуға және сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.  

«Тек арнайы жабдықталған, рұқсат етілген жерлерде, жағажайларда, бассейндерде шомылу керек. Қауіпсіз шомылу үшін қолайлы төменгі температура шегі: су температурасы +18°С, ауа температурасы + 22°С. Бұл денсаулығы қалыпты адамдар үшін, ал балалар мен денсаулығы нашар адамдар үшін мұндай температурада шомылу денсаулық пен өмірге қауіпті», - деді Азамат Құсайынов.

Шомылу кезінде су белгілерінен асып жүзуге, мас күйде суға түсуге және балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдыруға болмайды.

Все новости