00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

«Таза Қазақстан»: Астаналықтарға жаңа әлеуметтік жоба таныстырылады

26.06.2024 | 12:27
Олжас Сүлейменов
236
«Таза Қазақстан»: Астаналықтарға жаңа әлеуметтік жоба таныстырылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы асында жаңа «Таза Астана» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Тұрғын үй орталығы қала тұрғындарына жобаны таныстыру бойынша кездесулер өткізуді бастайды, деп хабарлады Elorda.info.

27 маусым күні сағат 16:00-де Республика даңғылы, 32 мекенжайы бойынша «Таза Астана» жаңа әлеуметтік жобасымен алғашқы танысу кездесуі өтеді.

Жобаны іске асыру аясында тұрғындарға қалаға деген көзқарасты тұтынушының көзімен ғана емес, сол сияқты жақсарту үшін дамытуды жалғастыру ұсынылады.

Кездесуге басқарушылар, МИБ/ПИК төрағалары, сервис субъектілері шақырылады.

«Таза Астана» жобасының мақсаты – әрбір аулада тазалық пен тәртіпке саналы, адал көзқарас қалыптастыру.

Жоба аясында арнайы құрылған экологиялық комиссия тоқсан сайын «Ең таза аула», «Ең үздік кәсіпорын», «Ең үздік мекеме» атақтарын белгілейді.

Комиссияға Астана қоғамдық кеңесінің өкілдері, пікір көшбасшылары, мәслихат депутаттары, Атамекен ӨКП салалық кеңестерінің, салалық қауымдастықтардың, мүгедектер, ардагерлер қоғамдастық бірлестіктерінің өкілдері, экологтар және т.б. кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы өтіп жатыр, ол сәуір айынан бастау алды. Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және т.б.), еріктілер, оқушылар мен студенттер, МИБ (ПИК) және басқалар қатысады.

Экоакция аясында қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жүргізіледі. Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату бойынша іс-шаралар, рұқсат етілмеген полигондарды жою жүргізіліп жатыр.

Все новости