00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Су тасқыны: Елордада дайындық шаралары қалай жүргізіліп жатыр

11.03.2024 | 06:59
170
фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Оның айтуынша, елорда бойынша Нұра ауданында қауіпті аймақтар көбірек. 

Былтыр қыркүйекте қаланың су тасқыны қаупі бар жерлерді арнайы комиссиямен тексерілді. Анықталған 20 орын бойынша аудан әкімдеріне қажетті шараларды қабылдау  туралы ұсынымдар берілді. Яғни, каналдарды тазалау және төсеу, арық-науа жүйесін орнату жұмыстары. Аудан бойынша келетін болсақ, Нұра ауданында 6 қауіпті аймақ бар, Қалған аудандарда, яғни Алматы ауданында ,  Байқоңыр ауданында 4, Есіл ауданында 2, Сарыарқа ауданында 3 орын бар,- дейді ол. 

Басқарма бастығының сөзінше, елордада су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы жыл басында басталған. 

Су тасқынына дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат қаланың ТЖ жөніндегі комиссиясының отырыстарында 2023 жылғы  4 қарашада және ағымдағы жылдың 25 қаңтары мен 12 ақпанда қала әкімінің төрағалығымен қаралды. Жауапты мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар әзірленді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы қаңтар айында басталып, үй секторының тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Үгіт-насихат материалдарын тапсыра отырып, ықтимал қауіпті орындарда 86 рейд жүргізілді,- дейді ол.

Бақытжан Мәуленбердиев айтқан дерекке сүйенсек, бүгінде коммуналдық қызметтер қаладан 6,1 млн текше метрден астам қар шығарған. Сонымен қатар 33 мыңнан астам метр арық-науа желісі, 2360 метр коллекторлар,  1087 дана жаңбыр қабылдау құдықтары тазартылды, 1070 метр құбырлар буланды.

«Астана Тазалық» базасында көлемі 2,5 мың  текше метр құм және ағаш инертті материалдар қоры дайындалды, тағы 11 мың текше метр инертті материалдарды жеткізуге келісімшарт бар. Төтенше жағдай кезіңде азық-түлік пен жанар-жағармай материалдарын жеткізуге 12 меморандум жасалды. Жалпы саны 2260 орындық төтенше жағдай  кезінде халықты орналастыру бойынша 7 қонақ үймен меморандумдарға қол қойдық Бүгінде елордада су тасқыны қаупі бар орындарды комиссиямен тексеру жұмыстары жалғасуда. Тексеру жұмыстары шеңберінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Кенжебайұлы Өтебаев жауапты мемлекеттік органдарға хаттамалық тапсырмалар берді. Шолулар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр,-дейді Басқарма бастығы.

Сонымен қатар елордада су тасқыны құбылыстарына уақтылы ден қою мақсатында жеке құрамның 586 адамынан, 156 бірлік техникадан, 65 мотопомпадан тұратын азаматтық қорғау қызметтерінің жалпы тобы құрылған. 

Бақытжан Мәуленбердиев елордалықтарға үндеу жасады. 

Осы орайда қала тұрғындарына жеке тұрғын үй секторының аумағынан қарды уақтылы тазарту үшін жауапкершілік үйдің иесіне жүктелетінін еске салғым келеді. Жеке сектордың тұрғындары үйдің аумағынан қарды одан әрі жол жиегіне шығару керек. Сондай-ақ үйден ағынды суларға немесе су өткізгіш құбырларға су бұрғыштар орнатуы қажет. Алдын ала су сору құралдарын тұрмыстық электр сорғылары, шелектер, күректер болуы тиіс.  Су басқан жағдайда 109 нөмірі бойынша «Ikomek» Қалалық мониторинг және жедел ден қою орталығына, «112» нөмірі бойынша құтқару қызметіне дереу хабарлау керек,- дейді ол. 

Айта кетейік, «Қазгидромет» болжамына сәйкес наурыз, сәуір айларында тәулігіне бір айлық жауын-шашын мөлшері түсуі мүмкін. Бұл ретте Есіл өзенінің бассейніндегі топырақтың қату тереңдігі 115 см құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12% -ға артық. Жыл басынан бері жауған жауын-шашын мөлшері де нормадан 2 есе жоғары. Гидрологиялық болжамға сәйкес Астана су қоймасына көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі де нормадан жоғары (136 млн.м3 норма кезінде 100-160 млн. м3).

Все новости