00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Smart Astana» қосымшасына «қауіпсіздік» сервистерінің жаңа санаты қосылды

19.07.2023 | 06:30
148
Фото: дереккөз

Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Smart Astana» жобасының жетекшісі Айдын Еспек айтты , деп хабарлады  Elorda.info

«Smart Astana» бұл елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған мобильді қосымша. Онда бірыңғай интерфейсте қалалық қызметтердің кең ауқымы жинақталған. Мобильді қосымшада қала тынысын назарда ұстауға көмектесетін ақпараттар легі, қалалық қызметтерді қолдануды жеңілдететін бір арнаға тоғысқан функциялар бар.

Қосымшаны пайдаланушыларға шұғыл қызметтерден пуш-хабарламалар келіп отырады. Мысалы, төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты үздіксіз жарияланады. Сондай-ақ мобильді қосымшада су көрсеткіштерін, автобустардың қозғалысын да бақылауға болады. Қоғамдық көліктер туралы ақпарат қалалық көлікті тиімді пайдаланып, экологиялық жағдайға үлес қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қосымшаны пайдаланушылар ауаның ластану деңгейін де бақылай алады. 

Қала тұрғындары «Smart Astana» қосымшасынан оқу, спорт мекемелері және өзге де ғимараттар жөнінде анықтамалық ақпарат ала алады. Мобильді қосымшаның басты артықшылықтары - қажетті ақпаратты оңай табу және қала тұрғындарының қалалық қызметтерді кеңінен пайдалана алуы.

Жобаның негізгі мақсаты-елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ақпараттың қолжетімділік деңгейін арттыру, сондай-ақ қалалық қызметтер мен сервистердің сапасын жақсартуға үлес қосу. Мұндай мобильді қосымшалар қала тұрғындарының елорда өміріне деген қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыруға ықпал етеді. 

«Smart Astana» мобильді қосымшасында 2023 жылдан бастап Ішкі істер министрлігімен бірлесе дайындалған «қауіпсіздік» сервистерінің жаңа санаты іске қосылғанын атап өткім келеді. Нақтырақ айтқанда «Есірткіге жол жоқ» деп аталатын өтінім жіберу функциясы, ұрланған құралдарды тексеруге арналған база, төтенше жағдайдағы әрекеттер алгоритмі көрсетілген жадынамалар, бейнероликтер, велосипедті тіркеу функциясы, ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздік деңгейін анықтайтын сервистер енгізілді. Бүгінгі күні кейбірі пилоттық нұсқада жүзеге асуда. 

Мысалы, «Есірткіге жол жоқ» деп аталатын өнінім жіберу функциясы Астана қаласында есірткінің таралу орны туралы ақпаратты жергілікті органдарға жылдам жеткізуге көмектеседі. 

Келесі функция «төтенше жағдайдағы әрекеттер алгоритмі». Мобильді қосымшадағы бұл функция ғимаратта қауіпті жағдай туындаса уақтылы әрекет етуге көмектеседі, - деді спикер. 

Оның айтуынша бүгінгі күні «ұрланған құрылғылар базасында тексеру» функциясы қосымшаны жүктеп алған тұрғындар арасында белсенді пайдаланылуда. Себебі, құрылғы жоғалған жағдайда иесінің бұл сервиске тіркеген деректерімен затты табуға болады. Ал  «Велосипедті Тіркеу» қызметі ұрлық сынды жағымсыз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Ол үшін тұрғындар меншіктерін техникалық құжаты бойынша тіркеуі керек. Сондай-ақ велосипедпен жүруге өтініш беру мүмкіндігі де осы қауіпсіздік сервисінде қамтылған. 

Аталған қосымшаның келесі қызметтері түрлі ойын-сауық орындары сияқты жастар көп жиналатын жерлердегі қоғамдық қауіпсіздіккке назар аудармақ.

«Smart Astana» қосымшасындағы келесі сервис - ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздік деңгейінен хабардар болуға арналған. Бұл сервисте келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін иелері қабылдаған шаралар деңгейіне байланысты ойын-сауық орындарының рейтингі беріледі. Мысалы, Рейтинг жасау кезінде өрт сөндіру құралдарының, бейнебақылау және мамандандырылған күзет қызметінің, дабыл түймелерінің болуы, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінің аумағында жасалған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны ескеріледі. Азаматтардың «102» арнасына құқықтық тәртіпті бұзғаны үшін шағымданған өтініштерінің саны да назарға алынады. Айта кету керек, рейтинг тек ұсыныс сипатында, ал мақсаты елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, - деп атап өтті жоба жетекшісі

Все новости