00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Сарыарқа ауданында қоғамдық кеңістіктер қалай дамып жатыр

Сарыарқа ауданы
фото: Сарыарқа ауданы әкімдігі

Мемлекет басшысы былтыр Астананы дамыту тұжырымдамасын қайта қарауды ұсынып, елорданы жасыл желегі жайқалған қалаға айналдыруды тапсырды. Бүгінде қала тұрғындары мен қонақтарына қолжетімді әрі демалуға арналған саябақтар мен қоғамдық кеңістіктер саны біртіндеп артып келеді. Сарыарқа ауданында абаттандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр? Ауданда шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған қанша қоғамдық кеңістік бар? Elorda.info тілшісінің осы және абаттандыруға қатысты өзге де сұрақтарына аудан әкімі Бауыржан Ералы жауап берді.

Жалпы Сарыарқа ауданының жер көлемі 6775 шаршы метрді құрайды. Аудан аумағында 57 мыңнан астам жасыл желек бар. Одан бөлек, биыл ауданның жасыл картасында 21 100-ден астам жасыл желек отырғызылады. Оның ішінде 3 600 ағаш және 17 500 бұта, яғни ірі ағаштар мен көпжылдық бұталар бар. Сонымен қатар Сарыарқа ауданы аумағында 80 тынымбақ пен қоғамдық орындар және Көктал саябағы бар. Көктал саябағында биыл жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, орындықтардың пластмассадан жасалған бөліктері ағашқа ауыстырылып,  орындықтар жаңартылды,- дейді Бауыржан Ералы.

Аудан әкімінің сөзінше, қала тұрғындарының сүйікті орны - Есіл өзенінің жағалауында да жөңдеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда Әлия Молдағұлова гүлзары, Сирень гүлзары және Есіл өзенінің жағалауы сияқты қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстарын бастадық. Бүған дейін Абай және Сарыарқа даңғылының қиылысындағы жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, тротуар жабыны жаңартылды,- дейді ол.

Биыл Сарыарқа ауданында Жеңіс пен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында орналасқан «Ақжайық» гүлзары күрделі жөндеуден өтті.  

Ақжайық» гүлзары 2018 жылы құрылған, бірақ уақыт өте келе оны жаңарту қажеттігі туындады. Соңғы айларда тынымбақта қарқынды жұмыс жүргізілді. 1005 шаршы метрден астам аумақ жайлылық пен қауіпсіздіктің заманауи стандарттарын ескере отырып қайта жаңартылды. Сонымен қатар спорттық тренажерлер орнатылды. Баскетбол алаңы, жүгіру жолы, шағын сәулет нысандары, тартан жабыны да жаңадан төселді. Сондай-ақ, үйеңкі, қарағай, шаған сияқты 50-ден астам ағаштар отырғызылды,- дейді аудан әкімі.

Сонымен қатар Сарыарқа ауданында биыл Жеңіс көшесі 34, Юбилейная көшесі 22 мекенжайларындағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмысы жоспарланған.

Жұмыс жоспарымызға Біржан Сал, Гете және Республика көшелерін абаттандыру енгізілді. Мұнда 30 мың шаршы метр тас төсемді алмастыру, көше жиһаздарын жайластырып, жаңа қоғамдық кеңістіктер абаттандыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта Біржан Сал көшесінде жұмыстар басталды, мұндағы тас төсемдері жаңартылады,- дейді Бауыржан Ералы.

Айта кетейік, биыл Астанада 170 қоғамдық және аула кеңістігі абаттандырылады. Одан бөлек қала бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмысы да жүргізіліп жатыр. Абаттандыру кезінде қаланы көгалдандыруға ерекше назар аударылып келеді.

Все новости